Елімізде

«Құралайдың салқыны»: Қырда киік төлдей бастады

The final spritzer

Бүгінде Жер бетінде мекендейтін киіктердің 98 пайыздан астамы Қазақстан аумағында тіршілік етеді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, мамыр айының басынан бастап еліміздегі үш ірі популяция – Бетпақдала, Үстірт және Орал өңіріндегі киіктердің төлдеу кезеңі басталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осы нәзік кезеңде "Охотзоопром" инспекторлары тәулік бойы арнайы бақылау ұйымдастырып, төлдейтін аумақтарды қатаң қадағалауда ұстап отыр.

Киіктердің төлдеуі мамырдың соңына дейін жалғасады деген болжам бар. Қазақ халқы бұл табиғи құбылысқа ерекше мән берген. Киіктер төлдейтін кезде болатын салқын, желді күндерді халық ежелден "Құралайдың салқыны" деп атап кеткен.