жұма, 27 маусым, 2025 1:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ресейден Қазақстан азаматы экстрадицияланды: Ол 20 жылға жуық уақыт бойы жасырынып жүрген

Ресейден Қазақстан азаматы экстрадицияланды: Ол 20 жылға жуық уақыт бойы жасырынып жүрген
Pixabay.com
Қазақстанның Бас прокуратурасы есірткі қылмысына қатысы бар күдіктіні Ресейден экстрадициялағанын мәлімдеді

Тергеу деректері бойынша, ол 2003 жылы Узбекистаннан Ресейге Қазақстан арқылы есірткі тасымалдаған қылмыстық топтың мүшесі болған. Ер адам героин мен апиынды тасымалдап, сақтап, басқа қатысушыларға жеткізумен айналысқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сол жылы Қызылорда мен Қарағанды облыстарында арнайы операциялар жүргізіліп, бірнеше адам ұсталған. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, 35 келі героин мен 28 келі апиын тәркіленген. Тергеу мен сот нәтижесінде олар нақты мерзімге сотталған. Ал күдіктілердің бірі сол кезде қашып кетіп, халықаралық іздеуге жарияланған.

2024 жылдың желтоқсанында ол Ресейдің Самара облысында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша, ол елге қайтарылып, қазір тергеу изоляторында отыр. Оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалуы мүмкін.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар