Елімізде

Республикалық Абай оқуларында 47 оқушы жеңімпаз атанды

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

XXV республикалық «Абай оқулары» өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 130-дан астам жас абайтанушы қатысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Байқау 6 номинация бойынша өткен. Қатысушылар Абайдың 200-ге жуық өлеңін, 45 қара сөзін және екі поэмасын жатқа оқыған.

Айта кетейік, ХХV республикалық «Абай оқулары» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткен.