Елімізде

"Үрей құшағында жүрмін". Күйеуінен зорлық көрген Ақтау қаласының тұрғыны көмек сұрады

Ақтаулық көпбалалы ана жұбайынан зорлық-зомбылық көретінін айтып, көптен көмек сұраған. Оның сөзінше, күйеуі оны соққыға жығып күн көрсетпеген. Ақыры, үйінен кеткенімен, айыпты серігі аңдуды жалғастырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Lada.kz-ке сілтеп.

"Білесіздер бе, мен Бишімбаевқа қатысты сот процесін көріп, таңғалдым. Оның не айтатынын алдын-ала білген сияқтымын. Даусы, сөйлеу мәнері. Мұндай адамдар бірдей өмір салтын ұстанып, бірдей ойлау қабілетіне ие бола ма? Өз басым тозақта өмір сүрдім. Одан 2023 жылы кеткім келді, бірақ үш кішкентай балам бар еді. Ол мені ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытты, аңғал және жас болдым. Қорыққанымнан қайтып келдім. Ақырында одан таяқ жеп ауруханаға түстім", - дейді Ақтау тұрғыны.

Арайлым күйеуімен кездескеннен соң ауруханаға түскен. Тіпті наурызда ер адамға әйеліне жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы туралы үкім де шыққан.

Әйелдің жанында құрбысы да болған. Ол ерлі-зайыптылардың арасындағы жандалды бейнеге түсірген. Бұл туралы келіншектің өзі баяндады.

Әйел адам кейінірек ауруханаға келген полицейлердің қорғау нұсқамасының бар екенін білмейтіндерін мәлімдепті.