Елімізде

Ринат Ғайсин су тасқынына байланысты жаңа ән шығарды

Белгілі композитор, әнші Ринат Ғайсин жаңа ән шығарды. Сиясы кеппеген туынды жайлы ол ұлттық арнадағы “1001 түн” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Өнер иесінің сөзінше, “Үміт жыры” деп аталатын ән топан судан зардап шеккен халықтың көңіліне медеу болсын деген ниетпен шыққан.  Сөзін Ербол Алшынбай, Шерхан Талап жазған. Жаңа әнді  Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері орындайды.