Елімізде

Өрт сөндірушілер Алматыда өртеніп жатқан қоймадан газ баллонын шығарды

Бүгін таңертең Алматыдағы шағын аудандардың бірінде қоймадан өрт шыққан

Өрт сөндірушілер Алматы қаласы Көкмайса-27 шағын ауданында өртеніп жатқан қоймадан газ баллонын алып шықты. Қазір 104 өрт сөндіруші мен 29 техника қызыл жалынды ауыздықтауға тырысып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Ең соңғы шұғыл мәліметке сүйенсек, өрт сөндірушілер жанып жатқан қоймадан газ баллонын алып шыққан. Құтқарушылардың айтуынша,  қойманың ішінде баллон, аэрозол баллондары, сырлайтын бұйымдардың кесірінен өрт сөндіру қиындап жатыр. Қазір оқиға орнында Алматы қалалық ТЖД 104 құтқарушысы мен 29 техникасы бар. 

Айта кетейік, бүгін таңертең төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы Жетісу ауданы Көкмайса-27 шағын ауданындағы өрт сөндіруге аттанған. Алдын ала мәлімет бойынша, қойманың төбесі жанған. Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғауға бағытталған іс-қимылдар орындалып жатыр.