Елімізде

Сағадат Нұрмағамбетовке жаңа ескерткіш ашылды

Ескерткіш Ақмола облысының Ақкөл қаласында ашылды

Бүгін Ақкөл қаласында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада даңқты батырға ескерткіш ашылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты.

Сенат Спикері генаралдың ерлігі мен елге сіңірген еселі еңбегі әрдайым халықтың жадында сақталатынын айтты. Сондай-ақ ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі мен соңында қалған рухани мұрасын дәріптеу маңызды іс екенін, мұндай қадам ұлттық бірегейлікті нығайта түсетінін тілге тиек етті.