Салтанат некемізді заңдастыруға қарсы болды – Бишімбаев
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі онлайн форматта өтіп жатыр. Сотта Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айтбек Амангелді сотта Бишімбаевқа бірнеше сұрақ қойды. Соның бірі – Бишімбаев марқұм қарындасы Салтанат Нүкеновамен не себепті некесін заңдастырмағанын сұрады.
«Біз некемізді мешітте екі рет қидырдық. Оған сіз өзіңіз де куә болдыңыз. Мешітте имам некемізді қиғанда неке туралы куәлікті сұраған жоқ. Менің мешітте танысым да болған жоқ. Олар куәлікті сұрамады. Десе де, мен Салтанаттың жан тыныштығы үшін оған некемізді заңдастырайық деп айттым. Бірақ бұған Салтанаттың өзі қарсы болды. Себебі, ол маған сенген жоқ. «Сен мұны шын ниетіңмен жасамайсың» деп қарсылық білдірді", - деп жауап берді Бишімбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бишімбаевқа бұрынғы әйелі Нүкенованы (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.