Салтанаттың өлімі: «Әбден қиналып кеттік. Стресстен 8 кг салмақ қостым» - адвокат
Марқұм Нүкенованың адвокаты Жанна Оразбақова сот басталғаннан бері ұйқы режимі бұзылып, денсаулығы нашарлай бастағанын айтты
Адвокат сот процесі басталғанынан бері денсаулығы сыр бере бастағанын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қылмыстық іс бойынша 17 жылдық тәжірибесі бар адвокат Жанна Оразбақова наурыз айынан бері «Қуандық Бишімбаев қатыгездікпен өлтірді» деген Салтанат Нүкенованың қорғаушысы ретінде сот процесіне қатысып жатыр. Күні кеше ол өзінің парақшасындағы оқырмандарына денсаулығы нашарлай бастағанын айтқан.