Елімізде

Сарапшылар Қазақстанның су ресурстарын басқарудағы цифрлық реформаларын жоғары бағалады

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның су ресурстарын басқару, есепке алу және бөлу жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамаларын оң бағалап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Атап айтқанда, халықаралық кеңесші Мехмет Эрдогду еліміз су шаруашылығы саласын дамытуда дұрыс бағыт таңдаған деп санайды.

Ал Құрғақ аймақтардағы ауыл шаруашылығын зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICARDA) ғылыми қызметкері Акмаль Акрамхановтың айтуынша, Қазақстан қабылдап жатқан шешімдер елдегі су шаруашылығының одан әрі дамуына жол ашады.