Саясат Нұрбек тілшілерге иіссу таратты
Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазір Алматы қаласындағы Сәтбаев университетінде ашылған біздің 2 эксперименттік зертханамыз өз өнімдерін шығара бастады. Бұл – иіссу. Біздің отандық өнім. Өнімді жасап шығару үшін «Болашақ» бағдарламасының түлегі Гүлжан Түзелбаева Францияда парфюмерлік іс бойынша арнайы оқып келді. Сонымен қатар Ербол Сағатов - синтетикалық химия бойынша PhD докторы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқыды, - деді министр.Министр бұдан бөле, тұрмыстық химия заттарын шығаратын команда құрылып жатқанын атап өтті. Аталмыш иіссуді «Болашақ» түлектері ойлап тапқанын айта кетейік.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз