Саясат Нұрбек қуанышты жаңалығымен бөлісті
Қазақстандық ғылыми журнал алғаш рет Scopus базасына енді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің Telegram парақшасында отандық ғылым саласындағы маңызды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрдің айтуынша, министрлікке қарасты Экономика институтының базасында жарық көретін «Economy: Strategy and Practice» ғылыми журналы беделді Scopus деректер қорына енді.