SCAT әуе компаниясының әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX 8 үлгісіндегі екі жаңа әуе кемесімен толықтырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әуе паркінің артуы тасымалдаушының маршруттық желісін дамыту және қолданыстағы ұшу бағдарламаларын күшейтумен тікелей байланысты.
Аталған ұшақтар АҚШ-тың Сиэтл қ. қаласындағы Boeing зауытынан тікелей жеткізілді. Сонымен қатар, бұл – әуе компанияның паркіне бір мезетте екі борттың бірден қабылдануы алғашқы рет.
2026 жылы әуе компаниясы Шымкенттен Қарағанды, Қостанай, Бішкек, Новосибирск, Санкт-Петербург және Тюмень қалаларына жаңа рейстер ашты, сондай-ақ Астанадан Моңғолия астанасы – Ұлан-Батор қаласына тікелей рейстерді іске қосты.