Елімізде

Семейде тұрғынды бопсалаған азамат ақша алу үстінде ұсталды

Ол 175 мың қарызын 475 мың теңгеге көбейтіп жіберген

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Polisia.kz сайтының жазуынша, Абай облысының полиция қызметкерлері Семейдің 36 жастағы тұрғынын бопсалау күдігімен ұстады. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қала тұрғынын қорқытып, 175 мың теңге көлеміндегі қарызды қайтаруды талап еткені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.