Елімізде

«Сен біздің құлымызсың». Нұрлан имам келіндерге ақыл айтты

Оның пікірінше, көп отбасының келінге «қызметші» ретінде қарайтыны теріс үрдіс

Әлеуметтік желіде кеңінен танымал имамдардың бірі Нұрлан Байжігітұлы отбасылық мәселе жөнінде пікір білдірді, деп жазады jambylinfo.kz.

Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желіде отбасындағы келіннің рөлі жөнінде қойылған оқырманының сұрағына жауап берді. Оның сөзінше, келін үйдегі қызметші емес. Сондықтан отбасындағылардың көңілінен шығуға міндеттелмейді.