«Сен келерсің бір күні». Өскеменнің әкімі мерекеге орай қала тұрғындарына ән айтып берді
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады
Өскемендіктерді қала күнімен құттықтаған әкім Жақсылық Омар шаһар орталығында ән шырқады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Өскеменде 30 тамыз күні меркелік іс-шаралар мен ойын-сауық үшін караоке де ұйымдастырылды. Алаңда қала жұртын құттықтаған шаһар басшысы қолына микрофонды алып, жиналған тұрғындарға "МузАрт" тобының "Сен келерсің бір күні" әнін орындап берді.
Желіде қала әкімінің видеосы кеңінен тарады.
Жақсылық Омар 2018 жылдың 20 тамызында Өскемен қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.