Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Серік Сәпиев жаңа қызметке келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол енді Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарады.
Сонымен қатар, жазғы XX Азия ойындарына дайындық жөніндегі штабта спорт бағытының үйлестірушісі болады.
Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасын 2024 жылдың қараша айынан бері басқарған болатын.