Елімізде

ШҚО құтқарушылары биіктігі 3000 метрден асатын тауды бағындырды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Исхар Савазов бастаған құтқарушылар Катонқарағай ауданындағы теңіз деңгейінен 3113 метр биіктіктегі Сарымсақты тау жотасының «Конституция» шыңына көтерілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

— Оқу-жаттығу жиыны мен шыңды бағындыру кезеңінде құтқарушылар альпинистік дайындықты жетілдіріп, жас қызметкерлер буынын биік тауларда, ауаның төмен температура жағдайында өмір сүруге, қар беткейлерін еңсеруге және моральдық-психологиялық дайындықты нығайтуға үйретті, — делінген министрліктің жазбасында.