Елімізде

«Шұғыл»: ҚазАвтоЖол қазақстандықтарға үндеу жасады

Батыс Қазақстан облысындағы жолдар қайта ашылды

«ҚазАвтоЖол» елдегі автожолдардың жағдайына қатысты жаңартылған ақпарат таратты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 15 қараша таңғы 08:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізілген шектеулердің бір бөлігі алынып тасталып, Батыс Қазақстан облысындағы жолдар қайта ашылды. Қозғалысқа рұқсат берілген учаскелер:

«Атырау – Орал» тасжолы, 372–492-шақырым (Чапай ауылынан Орал қаласына дейін);

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым ө/п)» бағытындағы 195–246-шақырым (РФ шекарасы – Сырым өткізу пункті — Орал қаласының МАИ бекеті).

Алайда екі өңірде жол қозғалысына қойылған шектеулер әлі сақталуда.

Солтүстік Қазақстан облысы

9 қарашада сағат 11:00-де ауа райының нашарлауы және жүк көліктерінің көптігіне байланысты «Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы» автожолының 0–30-шақырымы (Қостанай облысының шекарасы – Тимирязево ауылы аралығы) барлық көлік түрлері үшін жабық күйінде қалып отыр.

Шығыс Қазақстан облысы

5 қарашадан бастап Осинов асуында тіркемесі немесе жартылай тіркемесі бар ауыр жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» жолының 46–66-шақырымында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) қолданыста және қыс маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.

Бұл шешім таулы аймақта жол қауіпсіздігін сақтау үшін қабылданған.