Елімізде

Шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі – Айдарбек Сапаров

Таразда «KazАgroZhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтіп жатыр. Форумның ашылуында сөз сөйлеген Ауыл ашаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес шаруаларға жеңілдетілген несие берілетінін мәлім етті, - деп хабарлайды jambylinfo.kz.

 

Сондай-ақ, өз сөзінде министр Таразда алғаш рет өтіп жатқан «KazАgroZhambyl-2024» ауыл шаруашлығы саласының дамуына зор үлес қосатынын, алдағы уақытта да мұнда форум-көрмелер көптеп ұйымдастырылу керегін айтты.   

Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласында өтіп жатқан форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері,  ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және 70-ден астам компания қатысуын растадыелдердің компанияларының өкілдері қатысып жатыр.