Елімізде

"Шешім өзгермейді": Мұғалімді балағаттағаны үшін НЗМ-нен шығарылған оқушы қайта қабылданбайды

The final spritzer

Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен оқу жылының соңғы күнінде шығарылған оқушы мемлекеттік жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматыға Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасын жіберді. Ол Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығымен, министрлік өкілдерімен, бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге оқушы мен оның ата-аналарымен, сондай-ақ мұғалімдермен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, кездесу ашық және сындарлы форматта өтіп, жағдай жан-жақты қаралған. Болашақ оқу жолдары талқыланып, барлық шешімдер заңнама аясында қабылданған.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Ануар Жанғозиннің айтуынша, мектептің ұстанымы өзгермейді – оқушы мектептен шығарылды және мемлекеттік мектепке ауыстырылды. Оның сөзінше, ата-аналар бұл шешімге қарсы емес.

11-сынып оқушысы тоқсандық қорытынды бағалау кезінде академиялық адалдық талаптарын бұзып, телефон пайдаланған. Мұғалім белгіленген тәртіп бойынша құрылғыны алып қойған. Алайда оқушы ашуға беріліп, ұстазға ауыр әрі балағат сөз айтқан.