Елімізде

“Шетелдік азаматтар ұсталды”. Алматыда алаяқтардың сall-орталығы жойылды

Ұсталған 24 күдіктінің бесеуі шетелдік азамат екені белгілі болған

Алматыда полиция қызметкерлері сall-орталықты жойды. Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан, деп хабарлайды Jambylinfo. kz

 Рolisia.kz дерегінше, ұсталған 24 күдіктінің бесеуі шетелдік азамат екені белгілі болған.

Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді.

 

Кейін алаяқтардың ықпалымен азаматтар өз қаражаттарын крипто-әмияндарға жіберген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр.