Шетелдік сарапшы еліміздің су саласын цифрландырудағы жұмысын жоғары бағалады
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
БҰҰ Даму бағдарламасының су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық кеңесшісі Хьюберт Лор Қазақстанның су саласын цифрландыру бағытындағы жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сарапшы, әсіресе, елімізде су ресурстарын басқаруды жаңғырту қарқынын атап өтті.
Қазіргі таңда Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Сонымен қатар суармалы суды жеткізу бойынша электронды келісімшарттар жасау жүйесі пилоттық режимде сынақтан өткізіліп, өзен ағысын модельдеу және болжау жүйелерінің қамту аясы кеңейтіліп жатыр.