дүйсенбі, 25 қараша, 2024 16:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шығыс Қазақстанда  фельдшер жүктілік туралы анықтаманы қолдан жасағаны үшін сотталды

Шығыс Қазақстанда  фельдшер жүктілік туралы анықтаманы қолдан жасағаны үшін сотталды
фото - ашық дереккөзден
Ол әкімшілік жазадан құтылуға әрекеттенгені үшін жазаланды

ШҚО Катонқарағай ауданының прокуратурасы жүктілік туралы анықтаманың – ресми құжатын қолдан жасау және пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аудан тұрғыны аудандық ауруханада гинекологтың фельдшері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама жасаған. Ол бұл құжатты сотта қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны болдырмау үшін пайдаланған. Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша ұсынылған анықтаманың жалған екені анықталды.

 

- Бірінші сатыдағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініші негізінде өзгертіліп, Қ. 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қ.-ның жүктілігі туралы анықтаманы дайындап, пайдалануына байланысты аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 2024 жылы 8 тамызда сот К.-ны тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына соттады,- делінген ресми хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар