Елімізде

Шығыс Қазақстандағы шахтада болған апаттан 4 кенші қайтыс болды

Оқиға кеше болған

Шығыс Қазақстандағы "Востокцветмет" ЖШС шахтасында төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қайғылы оқиға 31 тамыз күні сағат 17:30-да болған. ТЖД кеншілердің белгісіз заттан уланып көз жұмғанын хабарлады.

Одан өзге тағы бір адам Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский аудандық ауруханасына жатқызылды.

Кенішке иелік ететін KAZ Minerals компаниясы қайғылы оқиғаның болғанын растады. Компания "Востокцветмет" ЖШС кенішіндегі жұмысшылардың өлімінің мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.

KAZ Minerals компаниясы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, "отбасына жан-жақты көмек көрсетуге" уәде берді.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.