Елімізде

Шымбұлақта аспалы жолдары уақытша жабылады

Аспалы жол 2 маусымға дейін жұмыс істемейді

«Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені биыл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдарды уақытша жабады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады jambylinfo.kz.

Сондай-ақ  хабарламада 2024 жылдың 19 мамыры мен 24 мамыры аралығында Медеу-Шымбұлақ жартылай жолының жүк-тартқыш арқаны қысқартылатыны, құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалысқа шектеу қойылуы мүмкін екені жазылған. 

Еске салайық,  Шымбұлақ тау курорты 2023 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енген.