Елімізде

Шымкент тұрғыны 100 есек сойып, етін Қытайларға жібермек болған

Құзырлы органдар оның алдын алды

Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде Шымкент тұрғыны қорасында жүзге таяу есек бағып отырғаны хабарланды. Дереккөз бұл кісі арам малдың етін сойып, сатады деп дабыл қаққан соң құзырлы органдар мәселені тексерді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Анықталғандай, Қазақстанның заңында есек асырауға тыйым салынбаған. Бірақ оны арнайы бекітілген орындарға ғана сою керек.