дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкенттік азамат жұмыстарды  орындамай,  қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жасаған

Шымкенттік азамат жұмыстарды  орындамай,  қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жасаған
Фото - қаржылық мониторинг агенттігі
Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген, деп хабарлайды Jambylifo.kz  қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап

ҚМА хабарлауынша, сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.

 

-    Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі,- делінген хабарламада

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар