Елімізде

Шымкенттік азамат жұмыстарды  орындамай,  қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жасаған

Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген, деп хабарлайды Jambylifo.kz  қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап

ҚМА хабарлауынша, сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.