Үсік, жаңбыр, тұман: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:15
- 94
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде бүгін ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көп өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын күтіледі.
Шығыс өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.
Ал орталық пен елдің батыс бөлігінің кей жерлерінде жауын-шашын болмайды.
Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы -3°C-қа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Жалпы республика бойынша жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде үсік жүреді. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +18…+20°C.
Алматыда бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел 3–8 м/с. Температура түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +26…+28°C.






