сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 16:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Синоптиктер ескерту жасады: нөсер, бұршақ және тұман күтіледі

Синоптиктер ескерту жасады: нөсер, бұршақ және тұман күтіледі
istockphoto.com
Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағында ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елдің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы және дауылды желдің (шквал) күшеюі ықтимал. Сонымен қатар республика аумағында желдің жылдамдығы артып, түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі мүмкін.

Температуралық фон өңірлер бойынша әртүрлі сипат алады. Батыс аймақтарда күндізгі ауа температурасы +7…+18°С дейін төмендейді, ал солтүстік-батыста +10…+20°С шамасында болады.

Елдің қалған бөлігінде керісінше, ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанып отыр. Солтүстік өңірлерде +18…+27°С, орталықта +22…+30°С, шығыста +20…+28°С аралығында болады. Таулы аймақтарда температура +10…+15°С шамасында сақталады.

Оңтүстік өңірлерде ауа +27…+32°С дейін жылынса, таулы аудандарда +22°С шамасында болады. Оңтүстік-шығыста +20…+30°С, ал таулы жерлерде +10…+15°С деңгейінде күтіледі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар