Елімізде

Өскеменде бес қабатты үйден өрт шығып, 5 адам құтқарылды

Белгілі болғандай, алау 4 қабаттағы пәтерде тұтанған

Өскемен қаласында құтқарушылар 5 тұрғынды эвакуациялады. Деректерге сүйенсек, бес қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенген, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Төтенше жағдай минситрлігі таратқан ақпарға сүйенсек, оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері 5 тұрғынды эвакуациялаған. Олардың біреуі бала екені белгілі болды. Өрт 3 шаршы метр аумақта жойылған.