Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Министрліктің дерегінше, Өскемен қаласындағы өндірістік кәсіпорын аумағында, шаң ұстау цехында орналасқан құрылғыда газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмыс істеуде, зардап шеккендердің бар-жоғына барлау жүргізілуде.
Оперативтік штаб құрылды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.






