Елімізде

Өскемендегі зауыттардың бірінде жарылыс болды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министрліктің дерегінше, Өскемен қаласындағы өндірістік кәсіпорын аумағында, шаң ұстау цехында орналасқан құрылғыда газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмыс істеуде, зардап шеккендердің бар-жоғына барлау жүргізілуде.

Оперативтік штаб құрылды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.