Елімізде

Әскерге шақырылған жігіт терезеден секіріп кетті. Қорғаныс министрлігі түсінік берді

Әскерге шақырылған жігіт терезеден секіріп кетті. Қорғаныс министрлігі түсінік берді

Оралда әскерге шақырылған жігіт әскери комиссариаттың терезесінен секіріп кетті. Қорғаныс министрлігіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, әскерге шақырылған Виктор Кибко 2001 жылы туған және ол мерзімді әскери қызметке шақырылуы керек болған.

Ведомствоның хабарлауынша, жігіт әскери қызметтен қашқысы келген.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, азамат Виктор Кибкоға департаменттің лауазымды тұлғалары тарапынан ешқандай физикалық және моральдық зардап келтірілмеген.

Еске салайық, 29 желтоқсанда Оралда әскери қызметке шақырылған жігіт әскери комиссариаттың терезесінен секіріп кеткені хабарланды. Жігіттің жұлыны зақымданып, екі аяғының табан сүйегі сынған.