Скриптониттің ауылының атауы қазақшаға өзгертілді
Павлодар облысына қарасты Ленинский кентінің атауы ресми түрде Атамекен болып өзгертілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Аталмыш елді мекенде Скриптонит лақап атымен танылған қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов дүниеге келген. Қазіргі таңда әншінің ата-анасы осы ауылда тұрады.
Бірнеше жыл бойы атауын ауыстыра алмай келген кенттің тұрғындары былтыр сәуірде «Атамекен» болып өзгеруін қолдаған болатын. Ал қараша айында ауыл атауын өзгерту туралы облыстық ономастикалық комиссия отырысында талқыланып, желтоқсан айының соңында облыстық мәслихат депутаттары жаңа атауды бірауыздан қолдады.
Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін, 22 қаңтарда, өзгерту туралы қаулы күшіне енді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала