жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 24,1 млрд текше метрге жетті

Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 24,1 млрд текше метрге жетті
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Солтүстік Аралдың көлемін ұлғайту бойынша Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымындамасында белгіленген көрсеткіштер мерзімінен бұрын орындалып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі судың көлемін арттыру жұмысын жүргізуде. 2023 жылдан бүгінге дейін Солтүстік Аралдағы су көлемі 24,1 млрд текше метрге дейін жетті. Осы уақыт ішінде теңізге 5 млрд текше метр су жіберілді.

Осылайша, Солтүстік Аралдың көлемін ұлғайтуға қатысты Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасындағы мақсатты көрсеткіштер жоспардан бұрын орындалып жатыр.

Тұжырымдамаға сәйкес, 2025 жылы теңіздегі су көлемін 20,6 млрд текше метрге жеткізу көзделген болатын. Ал бастапқы жоспар бойынша, 2030 жылға қарай Солтүстік Аралдың көлемі 27 млрд текше метрге жетуі тиіс. Қазіргі көрсеткіштерге 2029 жылы қол жеткізу жоспарланған болатын.

«Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банктің гранты есебінен Солтүстік Аралды сақтау жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Жергілікті тұрғындардың пікірін ескере отырып, Ақшатау және Қамыстыбас көл жүйелеріндегі су деңгейін тұрақтандыру үшін су торабын салып, Көкарал бөгетін 2 метрге ұлғайту нұсқасы қарастырылып жатыр. Жоба Солтүстік Аралдағы судың көлемін арттыруға және сапасын жақсартуға, Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіруге, теңіз түбінен тұзды шөгінділердің ұшуын азайтуға, Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытуға және жергілікті халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар