Сотталушы Байжанов ағасы Бишімбаевтан қысым көріп отырғанын айтты
Астанада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі онлайн форматта жалғасып жатыр. Сотта сотталушы Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов ағасынан қысым көріп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бақытжан Байжановтың адвокаты Әлібек Секеров судьядан Бишімбаев Байжановқа тіл қатпауы үшін екі сотталушының бөлек жерде отыруын қамтамасыз етуге бола ма деп сұрады.
Мұнан кейін Бақытжан Байжановтің өзі де адвокаттың айтқан сөздерін растады.
«Иә, ол маған әрдайым қысым көрсетіп отырады. Менің не айту керегімді нұсөап, ауызыма сөз салып береді", – деді Байжанов.
Ал судья Айжан Көлбаев бұл мәселе жіті қаралатынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр. Оның біріншісі, 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);екіншісі, 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).