Елімізде

Құстарды соққан ұшақ әуежайға оралуға мәжбүр болды

Құстарды соққан ұшақ әуежайға оралуға мәжбүр болды

SСAT әуекомпаниясының Атырау - Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшағы құстарды соққан.

Жолаушылардың бірі түсірген видеода ұшақта отырғандар арасында дүрбелең болып жатқанын көруге болады.

"Біз өртеніп жатырмыз, иә? Қатты қорқамын", - дейді видеода жолаушылардың бірі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі ұшақтың ұшып шыққаннан кейін 14 минут өткен соң 10 қараша сағат 23.17-де аман-есен қонғанын хабарлады.

Ал SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі Атырау - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсті орындау кезінде ұшақтың құстармен соқтығысып қалғанын айтты.

Сондықтан, ведомство мәліметінше, әуе кемесінің командирі Иван Карпович әуежайға оралу туралы шешім қабылдаған. Қону тұрақты режимде өтті.

Ұшақта 115 жолаушы болғаны айтылады.

  Tengrinews.kz