Елімізде

Су тасқыны: 111 үйге дезинфекция жүргізілді

Бір тәулік ішінде Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында 165 тұрғын үйден 333 070 м3 еріген су сорылып, шығарылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында 111 үйге дезинфекция жүргізілген. 
Су басқан аумақтарды күн сайын аэровизуалды тексеру және құрғатылған аумақтарды дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда.