Елімізде

Су тасқыны болған аймақтардағы түлектерге ҰБТ-да жеңілдік қарастырыла ма

Еліміз бойынша 43 887 бала эвакуацияланған

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев төтенше жағдай жарияланған өңірлердегі түлектерге жеңілдік жасау туралы Премьер-Министрдің атына сауал жолдады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Сенатордың сөзінше, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда қанша түлек мектеп бітіретіні жөнінде ақпарат жоқ. Тіпті, ұлттық бірыңғай тестін тапсыратын пункттер де зардап шеккен болуы мүмкін. Осыған байланысты депутат қос министрлік түлектердің оқу орынына түсіне жәрдемдесуін, ал, әр жоғарғы оқу орны ректор грантын тағайындауы керектігін айтты.

Сонымен қатар, депутат бүгінгі күні төтенше жағдай дарияланған 41 елді мекеннен 117 617 адам қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты. Оның ішінде 43 887-сі балалар екен. 6 932 адам уақытша орналастыру пункттерінде болса,  оның ішінде 3 143 бала бар. Сенатордың сөзінше, 8 білім обьектісі су астында қалған.

Су тасқынына байланысты еліміздің 11 облысында мектеп оқушылары  1 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшті. Оқыту процесі су басу қаупі бар 56 мектепте, сондай-ақ, уақытша қабылдау пункттерінде орналасқан 32 оқу орнында ұйымдастырылды. Эвокуациялық пукттерде барлық жағдай жасалған,- деді депутат