Су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін барлық су қоймасы 100% толуы керек - министр
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқынына қарсы жиын өткізіп, су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін барлық су қоймасы 100% толатынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Министрдің айтуынша, су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған жоспарына су тасқынына қарсы іс-шаралар енгізілген.
Нұржігітов министрлік пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара жедел іс-қимылдың маңыздылығын, су тасқыны кезінде ғана емес, жыл бойы тығыз байланыста болуы керегін атап өтті.