«Су тасқынына дайындық»: Елімізде 239 шақырым өзен арнасы тазартылды

Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді
Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Ертіс өзенінің 27,4 шақырымы, Қиғаш өзенінің 73,7 шақырымы, Нұраның 1,1 шақырымы, Жайықтың 51,5 шақырымы және Жем өзенінің 85,5 шақырымы тазартылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, былтыр өзен учаскелерін санациялау жөніндегі құжат қабылданды, оған сәйкес, 2027 жылға дейін 10 облыста жалпы ұзындығы 815 шақырым болатын 51 өзен арнасын және бір көлді тазарту жұмыстары қарастырылған.
Бұдан бөлек, «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің бірқатар өңірінде 1147 шақырым каналдарды механикалық тазартудан өткізіп, 230 су құрылысын жөндеді.
Былтыр 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылда бірінші рет жөнделді.