Елімізде

Су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд теңге көлемінде біржолғы өтемақы төленді

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды.  Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.