Елімізде

Судың «қара нарығына» тосқауыл: биыл заңсыз су пайдаланғандарға 58,3 млн теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы вегетациялық кезеңде су заңнамасын бұзғандарға барлығы 310 әкімшілік айыппұл салынып, олардың жалпы көлемі 58,3 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан бірнеше есе көп. 2024 жылғы суару маусымында 188 заң бұзушылық тіркеліп, 15,8 млн теңге айыппұл салынған болатын.

Министрлік биылғы маусымда судың әділ бөлінуін және үнемді пайдаланылуын бақылау мақсатында елдің оңтүстік өңірлерінде төрт жұмыс тобын құрған. Олар суармалы егістерге су жеткізу барысына тұрақты мониторинг жүргізіп отырды.