Светлана Жақыпова екі аяғынан айырылған қыз балаға қандай жәрдемақы берілетінін айтты

Оның айтуынша, дәрігерлер қызға жеке оңалту бағдарламасын жасап шыққан соң, протез салдыруды қоса алғанда, барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алады
Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қызға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтып берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еске сала кетейік, 2 маусым күні кешке Астанадағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы бағанаға соғылды. Жүргізуші манёвр кезінде рөлге ие бола алмаған. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиға салдарынан 15 адам ауруханаға жеткізілді. 2017 жылы туған қыздың аяқтарын ампутациялауға тура келген. Астана әкімдігі барлық зардап шеккендерге материалдық және өзге де қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады. Қызға 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі берілді. Сонымен қатар, оның отбасына төрт бөлмелі пәтерге сертификат табысталды.