Елімізде

«Түнгі рейдте бірнеше рет ұсталған»: Ақтөбеде мектеп оқушысы жүкті болып қалды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта заңнамада көзделген барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта заңнамада көзделген барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілген. Аталған қылмыстық істің тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауында.

Сонымен қатар облыстық Білім басқармасы қыздың бұған дейін профилактикалық есепке алынғанын мәлімдеді.