Тұрғын үй саясатындағы реформа қалай жүзеге асырылуда

Мысалы, тұрғын үйді бөлу - есепке қойылған күнге және табыс деңгейіне байланысты болады
Мемлекет басшысы қол қойған «Тұрғын үй саясатын реформалау туралы» Заң 24 мамырда күшіне енеді. Енгізілген түзетулер шеңберінде Отбасы банкі тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді жүзеге асыратын ұлттық даму институты болып қайта құрылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтың айтуынша, кезектің ағымдағы ақпараттық жүйесі 24 мамырға дейін жұмыс істейді, одан кейін кезекте тұрған барлық азаматтар Отбасы банкіне беріледі. Бұдан басқа, жаңа тетікке сәйкес тұрғын үйді бөлу есепке қойылған күнге және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады.