Түркістанда 191 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған шенеунік ұсталды
- авторБақытжан Бекболат
- 28 қазан, 2025
- 343
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысындағы бірқатар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тергеліп жатыр», - делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.
Тоқаев Түркия Президентін Республика күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026






