Түркістанда 7 сынып оқитын қызды әкесі зорлап, жүкті қылған
Сұмдық оқиға туралы полицияның баспасөз қызметі хабарлап отыр
Түркістан облысында 7 сынып оқушысына әкесі зорлық көрсеткен. Бұл туралы қыздың анасы полицияға шағымданған, деп хабарлайды jambylinfo.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
astanatv.kz таратқан ақпаратқа сенсек, зәбір көрген қыздың анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазір қыз бала аймақтағы дағдарыс орталығын паналап отыр. Орталықтағы психологтар мен мамандар жеткіншекке жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.